RU
Төртінші рет ата-ана құқығынан айырылған Семей тұрғыны жаға ұстатты
Жаңалықтар Қоғам

Төртінші рет ата-ана құқығынан айырылған Семей тұрғыны жаға ұстатты

Рассказать Вконтакте

Семейдің 37 жастағы тұрғыны ішімдікке салынғандығына байланысты төртінші рет ата-ана құқығынан айырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

ipya.ru

Көрнекі фото:ipya.ru
Source: Facebook

Қамсыз ананың төрт баласы да жетімдер үйінде. Оның үлкен ұлына жақында қатерлі ісікті алу үшін ота жасалған, ал сәуірде дүниеге келген кенже қызы мерез ауруымен туылған.

Балалардың анасы 2016 жылдан бері ішімдікке салынғандығына байланысты наркодиспансерде тіркеуде тұр.

№ 2 кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі ауданаралық мамандырылған соттың мәліметтері бойынша, жыл басынан бері 38 қылмыстық, 230 әкімшілік іс қаралған екен. 71 адам ата-ана құқығынан айырылыпты.

Сотта ажырасқан ата-ананың балаларды көру құқығына қатысты да істер көп көрінеді. Айырылысқан жұбайлар бір-біріне балалармен кездесулеріне кедергі келтіретіндіктен қиындықтар туындайды екен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
6
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel