Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кел, келінім" реалити-шоуының жаңа маусымы басталды

Опубликовано:

Отбасылық өмірді дәріптеуге арналған жоба "Кел, келінім" реалити-шоуының үшінші маусымы басталды. Үшінші маусым алдыңғы екі маусымнан мүлде өзгеше болмақ. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Facebook

Жаңа жүргізуші — Айсәуле Бақытбек! Екі сарапшы — әртіс Қарагөз Тлеубекова мен журналист Мұхит Сапарбаев! Сарапшылар келін мен ене арасындағы қатынасты үйлестіріп отырады. Сарапшы ененің рөлін атқарып, қыз-жігіттерді отбасылық өмірге дайындайды.

Қазақстан әлемдегі ажырасу көрсеткіші жоғары елдердің ондығына еніп отыр. Мұның себебі - жастардың отбасылық өмірге дайын еместігі.

"Кел, келінім" бағдарламасы жастарды отбасылық өмірдің шындығына дайындап, қатысушылардың арасында жақсы қарым-қатынас орнатып, келінді болашақ ата-енесіне де ыңғайлы етуге икемдейді.

Отбасылық өмірді дәріптеуге, келін мен ене, ұл мен ана арасындағы қарым-қатынасты ашық, шынайы көрсетуге бағытталған жобаның жаңа маусымы өзгерістерге толы болмақ. Бұған екінші маусымда орын алған көп келеңсіздіктер себеп. Өйткені, өткен маусымда қатысушылар бір-бірін түсінбей, ұрыс-керіс көп болған.

Сондай-ақ, жаңа маусымда жаңа жүргізуші болады.

Үшінші маусымда қыздар дауыс беру құқығына ие болады, жігіттердің аналары үнемі жобаға қатыспайды.

Ең басты ерекшелік - бұл жолы жобада алты жігіт пен алты қыз бой көрсетеді.

Жоба қатысушылары апта сайын жаңарып отырады. Әр жұма сайын бір жігіт пен бір қыз жобадан шығып отырады. Кімнің кететінін қатысушылардың өздері шешетін болады. Ал дүйсенбі күні екі қыз бен екі жігіттен тұратын төрт үміткер келеді.

Кастингке қатысып, жобада бағын сынаймын деушілерге қойылатын басты талап - қазақ тілін білу. "Содан кейін отбасын құруға деген ниет", - дейді жоба авторлары.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1764226-kel-kelinim-realiti-souyny-zaa-mausymy-bastaldy/

pixel