RU
"Әлем аруы" байқауына қатысатын қазақстандық бойжеткен кім?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

"Әлем аруы" байқауына қатысатын қазақстандық бойжеткен кім?

Рассказать Вконтакте

Екі аптадан кейін "Әлем аруы-2018" байқауы Қытайдың Санья аралында бастау алады. Бұл әлемдік сайыста Қазақстанның намысын қарағандылық Екатерина Дворецкая қорғайды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстандық ару Қытайға өткен аптада аттанған. Енді Екатерина мен шоудың басқа қатысушылары көлемді шараға дайындалатын болады.

Ал Дворецкаяның күн асты елінде түскен суреттері Instagram желісіндегі "Қазақстан аруы" байқауының ресми парақшасында жарияланған.

Онда конкурсқа қатысушы қыздардың көп бөлігі аралға келгені хабарланыпты.

Ал отандасымыз суреттердің бірінде сәукеле мен ұлттық киімді киіп суретке түскен.

Ұйымдастырушылар жақында "Әлем аруы-2018" байқауында бақ сынап жатқан отандасымызға қалай дауыс беру қажеттігін айтады.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
3
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel