RU
Ескендір Сүлейменовтің өлімі: Мұхитованың сыныптасы оны босатуды сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Ескендір Сүлейменовтің өлімі: Мұхитованың сыныптасы оны босатуды сұрады

Рассказать Вконтакте

Астаналық интерьер дизайнері Ескендір Сүлейменовтің өліміне кінәлі деп танылған Малика Мұхитова туралы айтты. Бұл туралы ол өз Instagram парақшасында бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Азаматтың айтуынша, ол Қызылорда облыстық полиция департаменті басшысының қызы Малика Мұқановамен бір сыныпта оқыған. Алғашында олар 9-шы лицейде, кейіннен 56-шы мектепте білім алған.

"Үнемі көшіруге рұқсат беретін. Ол өте үлгілі оқушы еді, алтын белгі иегері де атанған. Маликаның осындай жағдайға тап болуы - қорқынышты жағдай",- деп жазған ол.

Бойжеткеннің сыныптасының сөзінше, ол бұл жағдайдың неліктен дәл Маликамен болғанын түсіне алар емес. Себебі, сотталушы кейбіреулер сынды үнемі ішімдік ішіп, көлікті мас күйде айдамай, өзін салмақты әрі мәдениетті ұстайтын арулардың бірі болған.

Бұл оқиғаны жағдайлардың тоғысуына балаған дизайнер Малика өз ісін мойындап, тергеу жұмыстарына көмектескенін, ал ол аруды жақсы тұрғыда сипаттайтынын айтты.

Жазбада көрсетілгендей, қазіргі уақытта желі қолданушылары @prostite_maliku парақшасын ашып, барша халықтың қосылуын сұрауда. Олар сотталушыны босатуды өтініп, қол жинайтын болады.

Сіздің реакцияңыз
0
2
2
8
2
4
9
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel