Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назира Бердалы: Арымды сатсам, байлардың арасында жүрер едім

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші Назира Бердалы байлыққа қол жеткізу жолында барын салып, тіпті арын сатып жіберуден тайынбайтын жандарды сынға алды. Ол мұндай ұсыныстар өзіне де келіп түскенін айтып, олардан бірден бас тартқанын жеткізді деп жазады NUR.KZ.

Назира Бердалы соңғы кездері қоғамда қызу талқыланып жатқан "ақшаға ар сату" мәселесіне қатысты өз ойын айтты. Жүргізуші жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүру өзіне тән еместігін Instagram парақшасы арқылы жеткізді.

"Маған тағдыр қанша рет оңай ақша ұсынғанын, ақшаға ар сатудың қанша мүмкіндігі болғанын сіздер білмейсіздер! Байлықты таңдасам, қазір сол байлардың қатарында жүрер едім. Сөзсіз.

Мидағы кедергілер жайлы айттым ғой, солар мені үнемі сақтап қалатын. Басқаша айтқанда, Құдай сақтайтын! Сол себепті, мен көзім анық жетпеген, күмәнді кәсіппен айналыспаймын.

Таза еңбекпен мал тауып жүргендерді қатты құрметтеймін! Жалпы, кәсіп деген - өзің жасаған бұйымды немесе бойыңдағы өнерді сату.

Байлық қуу да жүректегі жыртықты жамаудың бір формасы. Бәрін түсінемін. Ешкімді айыптамаймын. Малым жанымның, жаным арымның садағасы!" , - деп жазған тележүргізуші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1764241-nazira-berdaly-arymdy-satsam-bajlardy-arasynda-zrer-edim/

pixel