RU
Хоккей ойнауға шыққан Өскемен әкімі көпшілікті тәнті етті
Жаңалықтар Қоғам

Хоккей ойнауға шыққан Өскемен әкімі көпшілікті тәнті етті

Рассказать Вконтакте

Өскемен әкімі Жақсылық Омар допты хоккейден ұйымдастырылған турнир аясында хоккей матчына қатысты. Қала басшысы бұл спорт түрінен өз мүмкіндіктерін көрсетіп, командасын алға шығарды деп хабарлайды Vksport.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жақсылық Омар мұз алаңына алғашқы ойында "Риддермен" бақ сынасқан "Торнадо" командасы үшін шықты.

Әкім үш гол салып, командасын алға шығарды. Сондай-ақ, қала басшысының еншісіне нәтижелі пас жазылған.

Ойын 7:4 есебімен "Торнадоның" пайдасына шешілді. Ал кештің ең үздік ойыншысы Жақсылық Омар атанды.

Достық кубогы Ұлы Отан соғысы ардагері, КСРО қаһарманы Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel