RU
Жаңаөзенде анасының үйі жарылған қыз жанайқайын жеткізді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Жаңаөзенде анасының үйі жарылған қыз жанайқайын жеткізді (видео)

Рассказать Вконтакте

Жаңаөзендегі Рахат-2 ықшам ауданындағы жеке үй жарылысынан зардап шеккен тұрғынның қызы жергілікті шенеуніктерге болған жағдайдың өз нұсқасын ұсынды. Бойжеткен түсірген видео WhatsApp арқылы таралуда деп хабарлайды "Лада" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

inaktau.kz

Фото:inaktau.kz
Source: Twitter

Оның айтуынша, төтенше жағдайға үйге қосылған құбырлардан газ шығуы себеп болған. Алайда, қазір "техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамаған" деп қыздың отбасына айып тағылып отыр екен.

Бойжеткен жарылыстың пештің ішінде болмағанын алға тартуда.

Сонымен қатар, Жаңаөзеннің тұрғыны видеода мемлекеттік органдардан ешқандай көмек көрсетілмегенін хабарлады.

Қыздың сөзінше, оның әлі де жансақтау бөлімінде жатқан анасы мен бауырының жағдайы мүшкіл екен.

Естеріңізге сала кетейік, 16 қараша күні Жаңаөзенде үй жарылғаны туралы жазған болатынбыз. Табиғи газдың шығуынан газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан аумағы 204 шаршы метр үй қираған болатын.

Сіздің реакцияңыз
3
2
2
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel