Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арман Сқабылұлы "фильм түсіргіш" жұлдыздарды сынап тастады

Опубликовано:

Елімізге танымал журналист, продюсер Арман Сқабылұлы жаппай фильм түсіруге көшкен өнер иелерін қатаң сынға алды деп жазады "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Төреғали, Арман Сқабылұлы, Ерке Есмахан.Фото:time.kz, Qamshy.kz, "Махаббат кафесі" клипінен. Коллаж: NUR.KZ
Төреғали, Арман Сқабылұлы, Ерке Есмахан.Фото:time.kz, Qamshy.kz, "Махаббат кафесі" клипінен. Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Тележурналист отандық әншілер түсірген бірнеше фильмді тамашалағанымен, көңілінен шықпағанын жеткізді.

"Қазір ақшасы бар адамдардың барлығы кино түсіруге құмар болып кетті. Бұл жерде "Халыққа бірнәрсе берейін", "Жұрт тәлім-тәрбие алсын" деген ой жоқ.

Әрқайсысында өзін-өзі таныту, ақша табу деген ой тұр.

Бір екі фильмді көрдім. Шынын айтқанда, кино деуге тұрмайтын дүниелер", - деген Арман Сқабылұлы көрермендердің талғамы төмендегенін жасырмады.

"Мені бір қынжылтатыны сол фильмге баратын көрермен көп. Көрермен талғамы, мәдениеті дегенді құртып алдық", - деп ағынан жарылды журналист.

Айта кетейік, Арман Сқабылұлы осыған дейін отандық бағдарлама жүргізушілеріне балағат сөздерін жаудырған Ерке Есмаханды сөгіп тастаған болатын.

Сондай-ақ, тележурналист шектен шыққан өнер иелерінің әрекеттеріне қарсы екенін ашық айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1764264-arman-skabylly-film-tsirgis-zldyzdardy-synap-tastady/

pixel