RU
Алматының Сейфуллин даңғылындағы тергеу изоляторы жабылды
Жаңалықтар Қоғам

Алматының Сейфуллин даңғылындағы тергеу изоляторы жабылды

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының Сейфуллин даңғылында орналасқан тергеу изоляторы жабылды деп хабарлайды Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

kt.kz

Көрнекі фото: kt.kz
Source: Facebook

Бұл мекемеде жазасын өтеп отырған барлық тұтқындар заманауи технологиялармен жабдықталған №18 мекеменің жаңа ғимаратына көшіріледі.

30-шы жылдарда тұрғызылған №1 тергеу изоляторы көптен бері тұтқындарды ұстау нормалары мен талаптарына сай келмей жүрген.

№18 тергеу изоляторы тергеу істерін жүргізуге қажетті барлық құрылғылармен жабдықталған, сондықтан іс төрешілдік шараларынсыз жылдам тергелетін болады.

Жаңа ғимаратта кездесулер үшін кабинеттер көп болады, ал тұтқынмен кездесу үшін ХҚКО-дағы сияқты талон алу жеткілікті.

Жаңа тергеу изоляторына жету де жеңілдеген. Келушілер изолятордың жанына дейін келетін үш түрлі бағыттағы автобуспен жете алады.

Алматы қаласының прокуратурасы тұтқындардың жағдайын жақсартып, туыстарымен көрісуін жеңілдету үшін жұмыс істеп жатыр.

Алматы тұрғындары бұл өзгерістерді жақсы қабыл алды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel