RU
Шұрық-тесік жол үшін ақтөбелік шенділер 625 мың теңге төлейтін болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шұрық-тесік жол үшін ақтөбелік шенділер 625 мың теңге төлейтін болды

Рассказать Вконтакте

2016 жылдың 27 мамырында Сергей Мунтян есімді Ақтөбе тұрғыны Жеңіс даңғылында ойылып қалған тас жолдың салдарынан көлігін зақымдаған. Сот зардап шеккен темір тұлпар иесінің арызын қабылдады деп хабарлайды "Ақтөбе Таймс" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: "АқтөбеТаймс"

Фото: "АқтөбеТаймс"
Source: Instagram

Сергей Мунтяның "БМВ-728" көлігі 13-ші үйге қарама қарсы жерде ойыққа түсіп кетіп, қатты зақым алған.

Көліктің рөл трапециясы, сайлентблоктары, амортизаторлары мен иінтіректері, сондай-ақ, төсемдері мен резеңке, бамперлері істен шығыпты.

Жалпы сараптама мен мемлекеттік баждың, сондай-ақ, өкілдерге кеткен шығындардың сомасы 625 мың теңгені құраған.

14 қараша күні мемлекеттік айыптаушы жүргізушіні жақтап, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының қалалық бөлімшесі зардап шеккен көлік үшін жауап беруі тиіс екенін айтты.

Ақтөбе қалалық сотының судьясы Ирина Буйваренко тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жүргізушіге 625 мың теңге төлеу қажеттігі туралы үкім шығарды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel