RU

Киіз үйді гаражға айналдырған тұрғындар жұрттың ашуына тиді (видео)

Әлеуметтік желіде киіз үйді көлік қоятын тұраққа айналдырған тұрғынның әрекеті қызу талқыға түсті деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі сурет. Фото: Видеодан кадр
Көрнекі сурет. Фото: Видеодан кадр: Instagram

Киіз үйді гараж ретінде пайдасына асырған адамдарды желі қолданушыларының бірі жақтап жатса, екіншілері даттап үлгерген.

"Ерекше идея екен", "Қыста жып-жылы жерде көлік жөндейтін болады", "Осы адамдардың ойлап таппайтыны жоқ", - деп таңғалды пікір білдірушілердің бірінші бөлігі.

Ал оқырмандардың басқа бір тобы керісінше мүны әбестікке теңеп, өз наразылықтарын білдірді.

"Құндылықтарды қорлап бітті ғой", "Шаңырақты сыйламау деген осы ғой", "Халықтың ашу-ызасын тудырмай, киіз үйді қалпына келтіріңдер", "Мыналарың масқара ғой", - деп жарыса жазды олар.

Айта кетейік, видеоның қай өңірде және қашан түсірілгені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1764288-kiiz-jdi-garazga-ajnaldyrgan-trgyndar-zrtty-asuyna-tidi-video.html