RU
Бозымбаев: Шкарупаның арызына алдыңғы аптада қол қойғанмын
Жаңалықтар Саясат және экономика

Бозымбаев: Шкарупаның арызына алдыңғы аптада қол қойғанмын

Рассказать Вконтакте

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев өзінің орынбасары Анатолий Шкарупаға қатысты оқиғаға пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: newtimes.kz

Фото: newtimes.kz
Source: Facebook

Бүгінгі үкімет отырысынан кейін журналистер Қанат Бозымбаевтан Шкарупаға қатысты оқиғаға жауап беруін сұрады.

Тілшілер министр орынбасарының жұмыстан босатылғаны жөнінде нақты ақпарат алмақ болған.

"Ол ұзақ келісімді қажет ететін нәрсе. Премьер-министр кеңсесі, президент әкімшілігі. Ол арызын толтырды, мен тиісті өтініш хатты жолдадым", - деді министр.

"Сіз Шкарупаның арызына қол қойдыңыз ба?" , - деп сұрады журналистер қауымы.

"Әрине, алдыңғы аптада қол қойғанмын", - деп жауап қатты Қанат Бозымбаев.

Оған қоса, министр өз орынбсарының тұтқынға алынғаны жөнінде хабардар екенін растады.

Айта кетейік, жетінші қараша күні бас прокурор Қайрат Қожамжаров Елбасының өкілдігімен қауіпсіздік Кеңесінің отырысында энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның бюджеттік қаражатты жымқырды деп күдіктелініп жатқанын мәлімдеген болатын.

Ол Қарағанды облысына қарасты Сарань қаласының әкімімен жұмыс кезінде мемлекетке тиесілі қаржыны қолды еткен.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel