RU
Гүлнұр Оразымбетова отбасы жайлы кітап жазбақшы
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Гүлнұр Оразымбетова отбасы жайлы кітап жазбақшы

Рассказать Вконтакте

Әнші Гүлнұр Оразымбетова отбасы жайлы кітап шығару ойында бар екенін айтты. Бұл туралы "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Әр адамның кино түсіргісі келетін сәті болады. Бірақ жоспарымда кино түсіру жоқ. Айтсам ба екен? Клип түсіремін немесе кітап жазатын шығармын.
Негізі менің өмірім өзгелерге қаншалықты қызық болатынын білмеймін. Ең бастысы менің ішімде жатқан дүние жазылады деп ойлаймын. Үйде түртіп қойған дүниелер көп. Сондықтан өмірімнің өткен парақтарын кітапқа айналдыру ойымда бар", - дейді Оразымбетова.

Айта кетейік, елімізге танымал журналист Арман Сқабылұлы өз өмірлерін киноға айналдырған жұлдыздарды сынға алған болатын. Журналист фильмдердің сапасы сын көтермейтінін алға тартып, өзінің пікірін ашық айтқан еді.

Естеріңізге сала кетейік, Гүлнұр Оразымбетованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
14
5
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel