RU
Әйгілі ресейлік мәнерлеп сырғанаушы мұз үстінде шешініп тастады (фото)
Жаңалықтар Спорт

Әйгілі ресейлік мәнерлеп сырғанаушы мұз үстінде шешініп тастады (фото)

Рассказать Вконтакте

Жұптасып билеуде Егор Базинмен өнер көрсеткен ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Софья Евдокимова Мәскеудегі Гран-при қойылымында шешініп билеген. Бұл туралы obozrevatel.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: iz.ru

Фото: iz.ru

Мұз айдынына шыққан мәнерлеп сырғанаушылар Майкл Джексонның әніне билеген. Қойылым барысында өнер көрсетіп жатқан ару сахналық киімін шешіп, тек қана іш киіммен қалған.

Алайда Софьяның бұл әрекеті жеңіске жеткізе қоймаған. Жұп жарыс қорытындысы бойынша тек төртінші орынға тұрақтады.

Бұл ісімен Евдокимова Канададағы Гран-при сайысында шешінген әріптесі, ресейлік Елизавета Туктамышеваның әрекетін қайталаған еді.

Осыдан кейін барлық мәнерлеп сырғанаушылардың қызығушылығын тудырған #Tuktikchallange флешмобы басталған болатын.

Артынша бұл эстафетаға америкалық мәнерлеп сырғанаушы Эмбер Гленн және Ниеи Бусенвайн де қосылған.

Сіздің реакцияңыз
5
2
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel