RU
Алматыда жол апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен BMW X5 жүргізушісі ұсталды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда жол апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен BMW X5 жүргізушісі ұсталды

Рассказать Вконтакте

Алматыда Рысқұлов көшесінің бойында өткен жексенбіде орын алған жол апатына қатысы болуы мүмкін күдікті ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: zakon.kz Коллаж: NUR.KZ.

Фото: zakon.kz Коллаж: NUR.KZ.
Source: UGC

Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, оқиға орнынан ізін суытқан BMW X5 жүргізушісі 24 жастағы азамат болып шыққан. Адам шығыны болған жол апатынан кейін, ол оқиға орнынан ізін суытқан.

Полицейлер күдіктіні таңға жуық тұтқындаған.

Тексеріс нәтижесінде жүргізушінің көлікті мас күйде айдағаны анықталды.

Қазіргі таңда, 24 жастағы азамат тергеу изоляторына тоғытылған. Оған қатысты "адам өліміне әкеп соққан жол апаты" мен "оқиға орнынан қашып кету" баптары бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz
Source: UGC

Еске сала кетейік, бұған дейін жазғы дөңгелегін ауыстырмаған BMW X5 жүргізушісі жантүршігерлік жол апатына себепкер болғаны жөнінде хабарлаған болатынбыз. Оқиға салдарынан Volkswagen Golf III көлігін тізгіндеген азамат көз жұмған. Ал оқиға кінәлі делінген азамат көлігін тастап, өзі қашып кеткен еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel