Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік экс-шенеунік рэпер болу үшін бетіне тату салдырып алған (видео)

Опубликовано:

Алматылық рэпер Еуразия бірінші арнасының "Пендеміз ғой" бағдарламасында ешқашан мемлекеттік жұмысқа кірмеу үшін бетіне тату салдырғанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Facebook

Parfumer02 және Lil banger лақап аттарымен танылған азамат өзімен бірге Монакоға немесе Шұғылалы жағалауға баратын қызға 20 мың АҚШ долларын ұсынатынын айтқан еді. Ал "Пендеміз ғой" ток-шоуы әлеуметтік желіні шулатқан бұл жігіт туралы толығырақ білу үшін бағдарламаға шақырған екен.

Қоғамдық талқыға түскен видеодағы жігіттің шын аты-жөні Азамат Мейрамбек болып шықты.

Азамат Шымкентте дүниеге келіп, әскери училищені бітіріпті. Сондай-ақ, ол әскери барлауда жедел түрде әскери қызметін өткерген екен. Кейін ол Халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істепті.

Үш жыл бұрын өмірін түбегейлі өзгерткісі келген жас жігіт ешқашан мемлекеттік қызметке оралмау туралы шешім қабылдапты. Осылайша Азамат барлық денесіне, қолы мен бетіне тату салдырып тастаған.

"Мен рэп орындаушылыққа толығымен кірісіп, мемлекеттік қызметке қайта оралмау үшін осы әрекетке бардым. Бұл мен үшін алға ұмтылыс болды", - дейді рэпер.

Сондай-ақ, әртіс өз парақшасында жариялаған ұсынысқа жүзден аса қыз келісім бергенін айтты.

"Қазір Қазақстанда дұрыс қыз мүлде қалмады. Барлығын сатып алуға тура келеді. 20 мың доллар, ол ақша емес", - дейді Азамат Мейрамбек.

Ал бағдарламаға қатысқан Қарлығаш есімді кәсіпкер бұл рэпердің 20 мың доллары бар екеніне сенбейтінін жеткізді.

"Мен өз кәсібімді нөлден бастадым және ақшаның қандай еңбекпен келгенін білемін. Бұл кісі мені емес, мен бұл кісіні апаратын сияқтымын", - дейді бойжеткен.

Жалпы бағдарламаның мақсаты рэпердің бұл қылығы "хайп" па, жоқ па екенін анықтау болатын. Ал Азамат Мейрамбек тележүргізуші мен қонақтарды өзінің дәл әлеуметтік желідегідей жігіт екеніне сендірген.

Одан бөлек, бағдарлама шыққан соң әртіс өзінің парақшасында үш күннен соң бейнебаяны жарыққа шығатынын айтыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1764319-symkenttik-eks-seneunik-reper-bolu-sin-betine-tatu-saldyryp-algan-video/

pixel