RU
Ресей тасжолында қазақстандық жолаушылары бар автобус аударылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ресей тасжолында қазақстандық жолаушылары бар автобус аударылды

Рассказать Вконтакте

19 қараша күні жолаушылар тасымалдайтын қазақстандық автобус Екатеринбург-Шадринск-Корған тас жолының 60-шы шақырымында жол-көлік апатына ұшыраған. Автобустың ішінде 17 жолаушы болған, зардап шеккендер бар деп жазады MK.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ

eburg.mk.ru

Фото:eburg.mk.ru
Source: Facebook

Оқиға таңертең орын алған. Жүргізуші автобусты басқара алмай, ол жолдың жиегіндегі жыраға түсіп кеткен.

Жергілікті мемлекеттік көлік иснпекциясының қызметкерлері автобустың Екатеринбург қаласына бара жатқанын хабарлады.

Апат кезінде бір жолаушы қыз жарақат алған. Бойжеткеннің миы шайқалып, қолы мен басы тілініп жараланған.

Жәбірленушіні Белоярск ауруханасына жеткізілген.

Фото: eburg.mk.ru

Фото: eburg.mk.ru
Source: Depositphotos

Естеріңізге сала кетейік, 16 қараша күні Қызылорда облысында жолаушылары бар екі автобус соқтығысқан болатын. Жол апатынан екі адам оқиға орнында қаза болса, үшінші жолаушы яғни жеті жасар балақай ауруханада көз жұмған еді.

Ал 17 қараша күні Ресейдің Саратов облысында жолаушылар автобусы жүк пойызымен соқтығысқан болатын. Саратовтан Оралға бет алған автобуста бес Өзбекстан азаматы қаза тауып, екі Қазақстан азаматы ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel