RU
Көпбалалы аналар "Алтын алқасын" Талдықорған әкіміне қайтарып берді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Көпбалалы аналар "Алтын алқасын" Талдықорған әкіміне қайтарып берді (видео)

Рассказать Вконтакте

Талдықорғанда әлеуметтік тұрғын үй алу үшін 15 жыл бойы кезекте тұрып, әлі де баспанаға ие болмаған көпбалалы аналар қала әкіміне "Алтын алқаларын" қайтарып берді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот
Source: Twitter

Көпбалалы аналар телеарна журналистеріне не себепті бұндай әрекетке барғанын түсіндірді. Бұған себеп 15 жыл бойы жылжымыған баспана кезегі екен.

"Бүгінде 10 және 12 баласы бар әйелдер бар-жоғы 30 шаршы метрді құрайтын кішкентай пәтерлерде тұруға мәжбүр. Біздің кезегімізді әдейі жылжытып отырған. Нөмірлерімізді қолдан өзгертіп, тіпті кейбірін мүлде кезектен алып тастаған. Марапаттарды алыңыз, олардың бізге түк қажеті жоқ" , - деп күйінген әйелдер Елбасы тарту еткен "Алтын алқаны" Дастан Шалтабаевқа қайтарып берді.
Фото: Скриншот

Фото: Скриншот
Source: Facebook

Оған қоса, телеарна көпбалалы аналардың Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа да жүгінбек болғанын көрсетті. Алайда, облыс басшысы іс-сапарға байланысты жұмыс орнында болмай шыққан.

Талдықорған әкімі өз кезегінде тағылған айыптарды жоққа шығармай, жағдайды өзінің жіті бақылауына алуға уәде берді. Шенеунік "Алтын алқа" иелеріне не себепті заң бойынша тиесілі баспанасы берілмей отырғанын анықтайтынын айтты.

Сіздің реакцияңыз
11
0
3
1
2
18
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel