RU
Есікті қаққан елес Канада тұрғынын зәресін ұшырды
Жаңалықтар Әлемде

Есікті қаққан елес Канада тұрғынын зәресін ұшырды

Рассказать Вконтакте

Канада тұрғыны есігінің алдындағы бақылау камерасына жазылған видеоны желіде жариялаған. Бейнежазбадан бұлыңғыр бейненің пайда болып, есігіне жақындағанын көруге болады. Бұл туралы eg.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Видеодан кадр

Фото: видеодан кадр
Source: Facebook

46 жастағы Мени Питошья пошта әкелетін хат тасушыны күтіп отырған. Иті үріп есікке қарай жүгіргенде, есік алдына ешкімнің келмегенін байқайды.

Алайда итінің мазасызданып, қоймай үргенінен күдіктенген Питошья бейнебақылау камерасының таспасын тексереді. Видеодан әйел адам бұлыңғыр көлеңкені байқаған. Питошья бұл тылсым күштер екеніне сенімді.

Дегенмен, желідегілер шөптердің қозғалысына қарап, сол күні жел соғып тұрғанын байқаған. Сондықтан олар бұл ешқандай жа тылсым күш емес желден көтерілген шаң деп пайымдап отыр.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel