RU

"Ты моя": Айқын өзінің жаңа клипіне Жұлдыз Өмірғалиді түсірді (видео)

Айқын "Ты моя" атты су жаңа клипін жарыққа шығарды. Бейнебаянының басты кейіпкері ретінде екінші жұбайы Жұлдызды таңдаған әнші желідегілердің қызу талқысына түскен деп жазады NUR.KZ.

Айқын мен Жұлдыз. Фото: Видеодан кадр
Айқын мен Жұлдыз. Фото: Видеодан кадр: Instagram

Желі қолданушылары клиптің сапасы жақсы болғанымен, әннің нашар екенін жарыса жазуда.

Оның үстіне бұл бейнебаяндағы іс-әрекеттің Айқынға мүлде жараспағанын қырағы көзді көрермен байқап қалғандарын жасырмады.

"Сенен мұнан жақсы ән күткен едім. Мағыналы әндерің қайда кеткен?", "Жаңа нәрсені байқап көргің келген шығар. Бірақ жарасса бұйырмасын", "Ән бір жақта, өздерің бір жақта", "Клиптің сапасы мықты. Бірақ ән мен кейіпкерлер ұнамады. Жастау адамдарды түсіру керек еді".
"Жұлдыз не істеп жүр? Рэп оқығаны тіпті сұмдық" деп жарыса жазды олар.

Айта кетейік, "Ты моя" бейнебаяны жарты күн ішінде он мыңға жуық адам қараған.

Естеріңізге сала кетейік, Айқын мен Жұлдыз Өмірғалидің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1764352-ty-moa-ajkyn-zini-zaa-klipine-zldyz-mirgalidi-tsirdi-video.html