RU
Қостанайда 64 жастағы бомж бөтелкелесін басынан ұрып өлтірген
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қостанайда 64 жастағы бомж бөтелкелесін басынан ұрып өлтірген

Рассказать Вконтакте

Қостанайда бөтелкелесін басынан ұрып өлтірді деп айыпталған 64 жастағы көше кезбесіне сот үкімі шықты. Валерия Кичигин тоғыз жылға бас бостандығынан айырылған деп жазады kstnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:eho.md

Фото:eho.md
Source: Instagram

Оқыс оқиға биылғы жылдың шілде айында болған.

27 шілде күні Қостанайдағы көп қабатты үйдің іргесінде үш адам ішімдік ішіп отырған. Кешкі сағат 18:00 шамасында Кичигин (ред: айыпталушы) да олардың қатарына қосылады. Сәлден соң екі адам кетіп қалып, оқиға орнында Кичигин мен В.Тодирашко есімді ер адам қалады.

Ал арада екі сағат өткенде көп қабатты үйдің алдынан басынан соққы алған ер адамның денесі табылған.

Кичигин сотта бөтелкелесінің басынан ұрғанын, алайда өзі кеткенде оның әлі сөйлеп жатқанын мәлім еткен. Тіпті Тодирашконы өлтірмегенін айтқан.

Сот медициналық сараптамасы ер адамның басынан тиген қатты соққыдан соң, бар болғаны бір-екі минут тірі жатқанын анықтаған.

Айта кетейік, сот Кичигинді тоғыз жылға қатаң режимді колонияға қамауға алуға шешім шығарған. Сондай-ақ 64 жастағы ер адам мәжбүрлі түрде ішімдіктен айықтыратын арнайы орында ем қабылдайды.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel