RU
Алматыда орташа жылдамдықты асырғандарға қашан айыппұл салынады?
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда орташа жылдамдықты асырғандарға қашан айыппұл салынады?

Рассказать Вконтакте

Алматы полициясы көлік иелеріне орташа жылдамдықты асырғаны үшін қашаннан бастап айыппұл салынатынын мәлім етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: Nur.kz, azh.kz. Коллаж: NUR.KZ

Көрнекі фото: Nur.kz, azh.kz. Коллаж: NUR.KZ
Source: Instagram

Полиция департаментінің мәліметінше, жаңа ереже 1 желтоқсаннан бастап күшіне енбек. Дәл осы күннен бастап жылдамдықты асырған жүргізушілер айыппұл төлей бастайды.

Сондай-ақ полиция жолға қосымша аппараттар мен камералар орнатпайтынын айтты. Орташа жылдамдықты бақылау үшін олар 2013 жылдан бастап қалада жұмыс істеп келе жатқан құрылғыға арнайы функциялар қосатынын мәлім етті.

Бұл камералар Алматының Сайын көшесінің көпірлеріне және Абай көшесінің барлық қиылысына орналастырылған.

Айта кетейік, қазір Алматыда мұндай жүйенің саны 110. Алайда мамандар оны 142-ге жеткізуді көздеп отыр.

Ескерте кетейік, аталмыш камералар көліктердің барлық бағыты бойынша орташа жылдамдықты есептейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы полициясы жылдамдықты асыратын жүргізушілермен күрес күшейтілетінін мәлімдеген еді.

Сіздің реакцияңыз
4
0
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel