RU
Астаналық меценат жағдайы төмен отбасыларға тегін той жасап беруде
Жаңалықтар Қоғам

Астаналық меценат жағдайы төмен отбасыларға тегін той жасап беруде

Рассказать Вконтакте

Астаналық кәсіпкер Полатбек Жоланов ерекше тойхананың тұсауын кесті. Елордада ашылған мейрамханада жағдайы төмен отбасылардың тегін той өткізуіне мүмкіндік бар деп хабарлайды NUR.KZ.

Полатбек Жоланов. Фото:rezonans.kz,itube.kaztrk.kz. Коллаж: NUR.KZ

Полатбек Жоланов. Фото:rezonans.kz,itube.kaztrk.kz. Коллаж: NUR.KZ

Мұндай ерекше қадамға кәсіпкер несиеге белшесінен батқан қарапайым тұрғындар көбейген соң барып отырмын дейді.

"Астанада ашылған жаңа тойханада әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың той жасауына мүмкіндік бар. Бүгінге дейін бірнеше тойды тегін өткізіп үлгердік. Мұндай қадамға баруыма басты себеп – баласының үйлену тойын өткізу үшін банктен несие алып, қалған күнінде қарыз төлеп жүретін халықтың көбеюі болып тұр.
Ең басты ниетім – жағдайы төмен жанұялардың тарықпай, тойын жақсы атқаруына көмектесу", - дейді Полатбек Жоланов.

Еске сала кетейік, меценат Полатбек Жоланов қоғамдағы қазақ қыздарының бай жігіттерге іздеу салуын қатаң сынға алған болатын.

Ол жастарға шынайы махаббат арқылы да бақытты әрі бай болуға мүмкіндік бар екенін түсіндіріп берді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
19
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel