RU

Алдағы үш күнде елімізде қар жауып, қатты жел тұрады

Атлант циклондарына байланысты атмосфералық фронттар еліміздің аумағы арқылы өтеді. Солардың ықпалымен 20-22 қарашада республикада қар жауып, боран соғады. Сондай-ақ, алдағы күндері Қазақстанда қатты жел тұрады деп хабарлайды "Қазгидромет"РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Ugranow.ru
Көрнекі фото: Ugranow.ru: Facebook

Сондай-ақ, бұл күндері елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында Каспий циклондары орын ауыстырады. Соның салдарынан бұл аймақтарда ылғалды қар, тұман мен көктайғақ, сондай-ақ, желдің күшеюі орын алады.

Қазақстан бойынша ауа температурасы жоғары болады. Ал елдің солтүстігінде термометр бағаналары көпжылдық орташа көрсеткіштен жоғары көтеріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1764403-aldagy-s-knde-elimizde-kar-zauyp-katty-zel-trady.html