RU
Қытайда жанармай бағасы күрт төмендеп кетті
Жаңалықтар Әлемде

Қытайда жанармай бағасы күрт төмендеп кетті

Рассказать Вконтакте

Қытай билігі төрт жыл ішінде жанармай бағасын ең көп мөлшерде төмендетті. Бұл туралы Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: 24smi.org

Көрнекі фото: 24smi.org
Source: Instagram

Қытай Халық Республикасының даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті жанармай бағасын 510 юаньға ($73,5), ал дизельді отынның бағасын 490 юаньға арзандату туралы шешім қабылдады.

Ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің құны жаһандық нарықтағы мұнай бағасының өсу немесе төмендеу үрдісін ескере отырып, Қытайда әрбір 10 жұмыс күні сайын қайта қаралады. Егер әлемде мұнай бағасының ауытқуының амплитудасы тоннасына 50 юаннан асса, автокөлік отынына баға өзгереді.

Бұл ретте мемлекеттік комитет елдің PetroChina, Sinopec және CNOOC компанияларынан мұнай өнімдерін өндіру мен тасымалдауды тиісті түрде ұйымдастыруды, нарықтық жеткізілімдердің тұрақтылығына және мемлекеттік баға саясатының қатаң сақталуына кепілдік беруді талап етеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel