RU
Қарағандылық азамат үш тонна балықпен ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандылық азамат үш тонна балықпен ұсталды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының тәртіп сақшылары Қарағанды облысының тұрғыны тізгіндеген "ФОРД" автокөлігін тексеру барысында ірі көлемде балық тиелгенін анықтаған. Үш тоннадан астам балықты құжатсыз тасымалдаған азамат мемлекетке 10 млн теңге шығын келтірген деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: kremlinpress.com

Көрнекі фото: kremlinpress.com
Source: Instagram

"Газель" автокөлігі Құйған-Топар автожолы бойында тоқтатылған. Көліктегі 3 тонна 198 келі балықтың заңға сәйкес тиісті тасымалдау құжаттары болмады. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 335-бабы, 4,5-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр",- деді Алматы облыстық ЖПҚ Табиғат қорғау полициясының инспекторы полиция капитаны Бағлан Рымжанов.

Қазір полицейлер табиғат қорғау ведомстволарымен бірлесе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне заңсыз қол сұқққандарды анықтап, бұдан әрі заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында кешенді шаралар қабылдауда.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel