RU
Тоқтар Серіков жеке өмірін жариялаған Кішкенбаевты сынға алды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Тоқтар Серіков жеке өмірін жариялаған Кішкенбаевты сынға алды

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын өзінің әйелінен ажырасып, өзіне қол жұмсамақ болған сәтін ел алдында жайып салған Алмас Кішкенбаевты өнердегі ағасы Тоқтар Серіков сынап тастады. Бұл туралы 31 арнадағы "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Тоқтар Серіков, Алмас Кішкенбаев. Фото:"Жұлдыз ТВ" арнасынан кадр,kz.all.biz

Тоқтар Серіков, Алмас Кішкенбаев. Фото:"Жұлдыз ТВ" арнасынан кадр,kz.all.biz
Source: Instagram

Жан сырын ақтарамын деп ішімдікке салынған күндерін де еске алған Алмас Кішкенбаевтың бұл ісін Тоқтар Серіков қолдамады.

Бағдарлама жүргізушісі Анна Данченко әншіге "Өз өміріндегі өзгерістерді жариялау қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз?" деп сұрақ қойған.

"Мен өз басым қарсымын. "Мен әйеліммен ажырастым", "Мен екінші әйел алайын деп жатырмын" деген дұрыс емес. Мүлде қажет емес деп ойлаймын. Ол құпия болып қалатын дүниелер ғой. Бұл әркімнің ой-өрісі, санасына байланысты ғой. Бұл қазақ деген халыққа керек емес нәрсе", - деді Тоқтар Серіков.

Айта кетейік, Тоқтар Серіков өзінің туған күнінде төртінші рет ұлды болды. Әншінің жұбайы Бейбіт Сейдуәлиева тағы бір батырда дүниеге әкелеген еді.

Естеріңізге сала кетейік, Алмас Кішкенбаев пен Тоқтар Серіковтің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
4
3
0
2
4
23
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel