RU
Жалақысы төмен қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап салықты аз төлейді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Жалақысы төмен қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап салықты аз төлейді

Рассказать Вконтакте

Жаңа жылдан бастап айлық табысы 60 мыңнан аспайтын Қазақстан азаматтары үшін салық көлемі азаяды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Econsulting.kz

Фото: Econsulting.kz
Source: Facebook

Осыдан бірнеше ай бұрын президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетте барлығы қарапайым адамдарды қолдауға бағытталғанын атап өтіп, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту туралы ұсыныс тастаған еді.

Елбасының шешімін үкімет қолдап, аталмыш заңға билік бірнеше ай бұрын қол қойған болатын.

Соған сәйкес 1 қаңтардан бастап айлығы 60 125 (алпыс мыӊ бір жүз жиырма бес) теӊгеден төмен тұрғындар үшін жеке табыс салығыныӊ мөлшерлемесі 10 есе төмендетіледі.

Биліктің ойынша, бұл екі миллионнан аса қазақстандыққа еңбекақасын көбірек алуға мүмкіндік береді. Ал жұмыс берушілер үшін қаржылық қиындықтар еселене қоймайды.

Вице-премьер Ерболат Досаевтың сөзінше, аталмыш заңнан таяу үш жылда жергілікті бюджет 94 млрд теңге жоғалтады.

2019 жылы алынып үлгермеген 29 миллиард теңге көлеміндегі салықтар республикалық бюджет есебінен жабылады.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
4
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel