RU
Қолаң шашты ару өзінің ерекше өнерімен желідегілердің жүрегін жаулауда
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қолаң шашты ару өзінің ерекше өнерімен желідегілердің жүрегін жаулауда

Рассказать Вконтакте

Нидерландтық Крисси Элизабет өзінің қолаң шашының арқасында желіде асқан танымалдылыққа ие болды. Шашының көмегімен талдырмаш мүсінді бикеш еш жерде қайталанбас ерекше суреттер жасап, оқырмандарын үнемі таңғалдырып келеді деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бүгінде қолаң шашты аруға Instagram парақшасында 13 мыңнан астам адам тіркелген. Алайда, Крисси мұндай танымалдылыққа ие боламын деп ешқашан ойламағанын айтады.

Голландиялық студент қыз өзінің ұзын шашының арқасында мультфильмдегі Рапунцель кейіпкеріне қатты ұқсайды. Әлеуметтік желіде ол түрлі шаш үлгісін паш етіп, оны сан түрлі бұйымдармен безендіріп қояды. Көп жағдайда ол гүлдер, жапырақтар немесе жаңа жылдық шыршаға ілінетін әлеміш тізбегін қолданады.

"Мұндай танымадылыққа ие болып, адамдардың қызығушылығын тудырамын деген ой маған үш ұйықтасам да кірмепті. Мен бұл парақшаны тек қана шабыт алу үшін ғана ашқанмын. Енді тіркелушілерімнің саны артып, мен олардың алдында жауапкершілікті сезінудемін. Сол себепті үнемі оларды жаңа туындыларыммен таңғалдыруға тырысамын" , - дейді Крисси Элизабет.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
21
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel