RU

Үйлену тойында жүріп кеткен мүгедек жігіт көпшілікті таңғалдырды

Арбаға танылған жігіт үйлену тойы күні сүйіктісіне естен кетпес тосын сый жасап, оны жылатып қойды. Ер адам некелесу сәтінде аяққа тұрып, қалыңдығы мен қуанышқа жиналған көпшілікті таңғалдырған деп жазады NUR.KZ.

Видеода мүгедек жігіт өзіне қарай келе жатқан қалындығын арбадан тұрып қарсы алады. Бұл сәтте бойжеткен өз көзіне өзі сене алмай, көз жасына ерік береді. Оқиға куәгерлері болса, қос ғашыққа өз қошеметін аямай соққан.

Бейнежазба Instagram желісіндегі svadebny_kavkaz парақшасында жарияланған.

Желідегілер тағдыр сынағына мойымаған жігіттің қалындығын дәл той күні қуантқанына тәнті болып, жылы лебіздерін жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1764449-jlenu-tojynda-zrip-ketken-mgedek-zigit-kpsilikti-tagaldyrdy.html