RU
Арудың әмиянын қайтармақ болған такси жүргізушісі оны сегіз сағат бойы далада күткен
Жаңалықтар Әлемде

Арудың әмиянын қайтармақ болған такси жүргізушісі оны сегіз сағат бойы далада күткен

Рассказать Вконтакте

Ресей астанасында такси жүргізушісі көлік ішінде әмиянын тастап кеткен бойжеткенді сегіз сағат бойы далада күткен. Ер адам жоғалған затты бойжеткеннің өзіне қайтарып берген деп жазады kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: dknews.kz

Фото: dknews.kz
Source: Instagram

Мәскеулік Варя Борцова басынан өткен қызықты жағдайды әлеуметтік желіде баяндаған. Айтуынша, такси көлігінде әмиянын қалдырып кетіп, оны жоғалтып алғанын ұйқыдан тұрғаннан кейін бір-ақ аңғарған.

Алайда, өзін үйіне дейін жеткізіп тастаған жүргізуші аруға тиесілі затты иемденіп алмай, оны өзіне қайтарып беруді парызы санап, оны сегіз сағат бойы далада күткен.

Варя асқан адамгершілік танытқан такси жүргізушісіне тәнті болып, оған жақсы тәрбие берген ата-анасына алғысын жаудырды.

"Мәскеуге таңғы бесте ұшып келіп, бірден үйге дейін такси ұстадым. Жүргізушімен жеткенше сөйлесіп бардық. Жолдан шаршап келгендіктен, үйге кіре сала ұйқтадым. Оянған сәтімде әмиянымды таппай қойдым. Такси қызметі арқылы іздестіре алмадым, өйткені мен таксиді жолдан ұстай салғам.
Арпалысып жатқан кезде әкем терезеден төменде таксистің тұрғанын байқап қалады. Ол менен маған сені жеткізген жүргізуші емес пе деп сұрады. Барып қарасам расымен сол кісі. Далаға жүгіріп шыға салып, оны бас салдым. Жылап рақметімді айттым. Ол болса маған сонша ұйықтауға болама деп ұрысып салғаны бар емес пе", - деп оқиғасымен бөлісті ару.

Варяның айтуынша, олар такси жүргізушісіне оған төленген соммадан алғыс ретінде бес есе көп ақша берген. Бойжеткен бұл оқиғадан кейін адамгершілігі мол адамдар бар екеніне сене бастағанын айтады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
17
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel