RU
Forbes 2018 жылдағы ең бай әншілердің тізімін жариялады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Forbes 2018 жылдағы ең бай әншілердің тізімін жариялады

Рассказать Вконтакте

Forbes журналы әлемде табысы ең көп әншілердің рейтингін жариялады. Биыл көш басында Кэти Перри тұр деп хабарлайды Ведомости басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кэти Перри. Фото: gettyimages

Кэти Перри. Фото: gettyimages
Source: Getty Images

Witness: The Tour концерттік бағдарламасының арқасында Кэти Перри 83 млн доллар табыс тауып, былтырғы рейтингтегі тоғызыншы орыннан бірінші орынға бір-ақ көтерілген.

Екінші орынға Тейлор Свифт орналасыпты. Әншінің биылғы жылғы табысы 80 миллион долларды құраған. Мұндай жетістікке жетуіне Reputation альбомы себеп болған екен. Альбом шыққан алғашқы аптада-ақ оның екі миллион данасы сатылып кеткен.

Өткен жылғы рейтингте көш бастаған Бейонсе биыл үшінші орынға шегініпті. Әншінің табысы - 60 млн доллар. Аналық парызын орындап, егіздерді дүниеге әкелген әнші жеке концертін бермеген, тек күйеуі Jay-Z-мен ортақ альбом шығарып, сол бойынша концерттер берген.

Ал төртінші орынға Pink жайғасқан. Әнші бұл рейтингке соңғы рет 2014 жылы кіріпті. Есесіне өткен жылы Солтүстік Америка мен Океания елдерінде өткізген концерттік турненің арқасында ол 52 млн доллар табысқа кенелген.

Бесінші орынға биылғы табысы 50 млн долларды құраған Леди Гага орналасыпты.

Сонымен қатар рейтингтің ондығында Дженнифер Лопес (47 млн), Рианна (37,5 млн), Хелена Фишер (32 млн), Селин Дион (31 млн) және Бритни Спирс (30 млн) бар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel