RU
Әуе рейсінің тоқтағанына ашуланған жолаушы жүгін өртеп жіберді
Жаңалықтар Әлемде

Әуе рейсінің тоқтағанына ашуланған жолаушы жүгін өртеп жіберді

Рассказать Вконтакте

Пәкістандық әуе рейсінің тоқтатылғанын естіген жолаушы әуежайда сөмкесін өртеп жіберді деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:abctv.kz

Фото:abctv.kz
Source: Instagram

Басылым мәліметінше, PIA PK-607 рейсі Гилгиттен таңғы 07:00-де ұшуы керек болған. Алайда техникалық ақауларға байланысты рейс кешіктіріліп, артынша мүлде тоқтатылған.

Өз сапарынан кешіккен жолаушылар әуежай қызметкерлерімен ұрысқан. Тіпті бір жолаушы сол жерде өзінің сөмкесін өртеп жіберген.

Айта кетейік, оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Ал әуежай басшылығы барлық жолаушыны келесі рейске дейін қонақ үймен қамтамасыз еткен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel