RU
Қытайдан әкелінетін дәрілер қатерлі ісік тудыратын болып шықты
Жаңалықтар Қоғам

Қытайдан әкелінетін дәрілер қатерлі ісік тудыратын болып шықты

Рассказать Вконтакте

Қазіргі уақытта елімізде тегін берілетін дәрілердің қатарындағы қауіпті препараттар анықталып, саудадан алынып жатыр. Өйткені, дәріханаларда еркін сатылып жатқан "Вазар", "Нортиван" және "ВазарН" препараттары қатерлі ісікке шалдықтыру мүмкіндігіне ие болып шықты. Бұл туралы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: okeydoc.ru

Көрнекі фото: okeydoc.ru
Source: Facebook

Отандық дәріханаларда сатылып жатқан Қытай дәрілерінің құрамында валсартан қоспасы бар екен. Ал ол қоспа ағзада қатерлі ісік тудыруы мүмкін деген болжам бар.

Министрлік бұл препараттардың зиян екенінен хабардар болып шықты.

Жалпы Шымкент қаласында 70 мыңға жуық адам қан қысымының ауытқуы бойынша есепте тұрады екен. Олардың басым бөлігі сапасыз дәрілерді қабылдапты.

Сондықтан мамандар гипертониктерге дәрігердің тексеруінен өтуге кеңес береді.

Ал қауіпті деп танылған «Вазар», «Вазар-Н» және «Нортиван» таблеткаларын міндетті түрде дәріханаға қайта тапсыру қажет.

Сіздің реакцияңыз
0
2
2
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel