RU
Алик Айдарбаев "ҚазМұнайГаз" басшысы болып тағайындалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Алик Айдарбаев "ҚазМұнайГаз" басшысы болып тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Алик Айдарбаев "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Осыған дейін бұл лауазымда Сауат Мыңбаев имденген деп хабарлайды NUR.KZ.

Алик Айдарбаев. Фото: tumba.kz

Алик Айдарбаев. Фото: tumba.kz

Жаңа басшыны ұжымға "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов таныстырды.

Бұған дейін "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған Алик Айдарбаев әртүрлі жылдары "Оңтүстікқазмұнайгаз" МАҚ, "Құмкөл-ЛУКОЙЛ" компаниясының (кейін атауы "Торғай Петролиум" ЖАҚ деп өзгертілді), "МаңғыстауМұнайГаз" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-да баcшылық қызметтерде болған.

2011 жылдың желтоқсан айынан 2013 жылға дайін "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ Бас директоры болса, 2013-2017 жлдары Маңғыстау облысының әкімі, 2017 жылдың наурыз айынан 2018 жылдың қаңтар айына дейін - Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

Ал 2018 жылдың 15 қаңтарынан "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel