Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда дүниеге он ұл әкелген ана бүгінде 30 немере сүйіп отыр (фото)

Опубликовано:

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында он ұл балаға өмір сыйлаған ана бүгінде 30 немере, бір шөбере сүйіп отыр деп хабарлайды Ernur.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz: Facebook

Бүгінде Алғабас ауыл округінің орталығы Шақпақ ауылында тұрып жатқан Жұпаркүл Керімбекованың туған жері Созақ өңіріндегі Бабата ауылы екен.

Бүгінде Жұпаркүл әжей мен жары Шадыхан Сүлейменов екеуінің шаңырағынан өрбіген он ұлдың тоғызы бір-бір шаңырақтың иесі болып отыр.

Өкінішке орай, 2015 жылы ұлдардың ең кенжесі Еркебұлан 27 жасында өмірден озыпты.

Бүгінде ақ батасымен тоғыз келінін тәрбиелеп отырған алтын құрсақты ана өзі тек ұлдарды босанса да, қазір келіндері қыз сыйлап, қуантып жатқанын айтты.

Фото: Ernur.kz
Фото: Ernur.kz: Facebook
"Әр ұл іңгәлап өмірге келгенде тәубе деуден танған жоқпыз отағасы екеуміз. Қазір келіндерім моншақтай-моншақтай қыздарды дүниеге әкеліп жатыр ғой", - деді ағынан жарылған ана.

Жұпаркүл әжейдің ұлдары бүгінде әр саланың білікті мамандары атанып, халыққа кәсіби қызмет көрсетіп жүр. Олардың бірі ауданда, екінші Астана мен Алматыда, Шымкентте өмір сүріп жатыр екен.

Нақтырақ айтсақ, ұлдың тұңғышы Мұхамеджан - театр суретшісі, Самат пен Марат - теміржолшы, Болат - қара шаңырақта, ауылда мұғалім, Қанат - электрик, Бағдат - телеоператор, Әділхан – құрылысшы, еурожөндеумен айналысады, Қалыбек - теміржолшы, Ержүрек - тіс дәрігері болып жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1764516-trkistanda-dniege-on-l-kelgen-ana-bginde-30-nemere-sjip-otyr-foto/

pixel