RU
Бесбаев жан досы Тоқтар Серіковке жүрекжарды тілегін арнады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бесбаев жан досы Тоқтар Серіковке жүрекжарды тілегін арнады

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана төртінші рет ұлды болған Тоқтар Серіковке әріптесі Мейрамбек Бесбаев арнайы құттықтау жазып, ақжарма тілегін айтты. Өнердегі екі достың ақ тілегін оқыған желі қолданушылары да өздерінің ниеттес екенін білдірді деп жазады NUR.KZ.

Мейрамбек Бесбаев, Тоқтар Серіков. Фото:Qamshy.kz,juldizdar.kz

Мейрамбек Бесбаев, Тоқтар Серіков. Фото:Qamshy.kz,juldizdar.kz
Source: Instagram

Мейрамбек Бесбаев досы Тоқтармен бірге өткізген өнер жолындағы жылдарын айта келе, өзінің жылы лебізін жаудырған.

"Төки, (ред: Тоқтар) ардақты досым! Туған күніңе бір қуансам, Бейбіт ұл сыйлағанына мың қуандым. Алла ғұмырыңа бақ пен берекені мол қылсын", - деп жазды Бесбаев Instagram парақшасында.

Айта кететіні, Тоқтар Серіков өзінің төртінші баласының есімін - Шаһнұр деп қойған.

Бұл жайында әншінің өзі Instagram парақшасында мәлім етті.

"Алланың қалауымен үйімізге төртінші ұл келді. Бізді жақсы көретін барша ағайынға, қазақ еліне алғысымыз шексіз. Себебі қашанда біз үшін тілектеріңізді білдіріп,алғыстарыңызды жаудырып жатасыздар. Барашаңызға Алланың рахымы болсын. Ал ағайын, анамыз жаңа дүние есігін ашқан сәбиімізге Шаһнұр деп есімін қойды. Менің төрт құбыламды түгелдеп берген Бейбітіме осы бақытты көтеретін денсаулық тілеймін. Балаларымның анасы, аман бол! Саған рахмет", - деп жазды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Тоқтар Серіковтің төртінші рет әке атанғанын белгілі болған.

Тоқтар Серіковтің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel