RU
"Ешкімнің басына бермесін": Сүлейменовтің әкесі сот үкімі туралы пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

"Ешкімнің басына бермесін": Сүлейменовтің әкесі сот үкімі туралы пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Малика Мұхитоваға сот үкімі шығарылғаннан кейін Ескендір Сүлейменовтің әкесі Сергей Хан ашық сұқбат беріп, әлеуметтік желіде "Маликаны кешіріңіздер" науқанына деген көзқарасын білдірді. Бұл туралы "Время" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

sputniknews.kz

Фото: sputniknews.kz
Source: Facebook

Сергей Хан сот үкімі бойынша Маликаның қауіпсіздігі минималды мекемесінде екі жылға сотталғандығы туралы өз пікірін білдірді.

"Мұхитованың істеген қылмысына жазасы сай ма?" деген тілшінің сұрағына Ескендірдің әкесі "Көп немесе аз демеймін. Маған мерзімі маңызды емес", - деп жауап қайтарды.

"Қазір сот үкімі қызу талқыға түсіп жатыр. Оны басын шабуға жіберген жоқ қой. Дұрыс па? Менің ұстанымым қарапайым, адам өліміне себеп болған жол-көлік апаты үшін лайықты жаза мерзімі тағайындалуы тиіс. Мұны мен немесе басқа адам емес, сот шешуі тиіс", - деді Сергей Хан.

Сергей мен оның отбасы айыпталушы тараптың ұстанымын түсінбей-ақ қойғандарын мәлімдеді. Ескендірді қаққан Малика кінәсін мойындап, марқұмның туысқандарынан кешірім сұраған, ал оның адвокаты өз көзқарасын дәлелдеп, тіпті Ескендір өліміне өзі кінәлі екенін алға тартқан.

Адвокат ресейлік сарапшылардың шешіміне құлақ асуға шақырып, Ескендір тым жылдам жүріп, мотоциклдің жылдамдығы сағатына 88 шақырым емес, 116 шақырым болғанын дәлелдеуге тырысыпты.

Алайда көлік апатының видеосы мен стоп-кадрларда бәрі анық көрініп тұр. Мұхитованың көлігі қарсы бетте келе жатқан мотоциклді өткізбеген, ол қарсы бетке тіпі қарамаған да.

Үкім шығарылғаннан кейін сотталған қыздың туысқандары мен достары әлеуметтік желіде "Маликаны кешіріңіздер" науқанын бастаған.

Тілшінің "Ұлыңызды өлтірген қылмыскерді кешіруге дайынсыз ба?" деген сұрағына Сергей Хан былай деп жауап қайтарған:

"Қанша сенейін десем де, оның істеген ісіне өкінетініне сенбеймін. Кінәсін мойындаған адам басқаларды айыптамайды. Оның адвокаты "Ескендір өзі кінәлі" деп ашық айтты.

Өкінгені осы ма? Бұл "Біз кінәліміз, бірақ сіздер де кінәлісіздер" деген ұстаным.

Біздің құқықтық мемлекетте тұратынымызды ұмытып, әлеуметтік желіде адамдардың сезімін оятып жатыр.

Егер біз орта ғасырда тұрып, бізде халық соты болса, мұндай шараны түсінетін едім. Қазір қылмыстық кодекске өзгертулер енгізілді, тараптар ымыраға келген күннің өзінде іс тоқтатылмайды, сондықтан біздің көзқарасымыз маңызды емес", - деді Сергей.

Ескендірдің әкесі тамаққа тәбеті тартпай, ұйқысы қашқанын айтты. Жұбайының жүйкесі тозып кетіпті. Олардың басынан өткенді ешкімнің басына бермесін деп тілейтінін жеткізді.

"Біздің отбасымызға "жап-жас қыздың тағдырын құртасыңдар" деп айтып жатыр. Ескендірдің өмірлік жоспарлары болмады деп ойлайсыңдар ма? Ол үйленуді жоспарлап жүрген. Жұмысы болатын, оны шетелге жұмысқа шақырған, бірақ ол Қазақстанда өмір сүргісі келген", - деді Сергей Хан.

Ескендірдің анасы әлеуметтік желідегі барлық посттар мен пікірлерді оқиды екен.

"Әйелім менен "неге адамдар бұлай істейді? Ұлымыздан айырылғанымыз оларға жетпей ме?" деп сұрайды. Баласынан айырылған адам ешқашан келіп "оны кешіре салыңыз. Түрмеге отырғызбаңыз" деп сұрамайды. Біздің қандай күйде екенімізді білмейсіздер. Уақыт өткен сайын жағдайымыз қиындап барады", - деп Сергей хан сөзін қорытындылады.

Бұл ақпаратты "Издательство Время" ЖШС- нің рұқсатымен ғана көшіруге және пайдалануға рұқсат етіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 13 қараша күні Ескендір Сүлейменовтің өліміне себепші болған Малика Мұхитова сот шешімінен екі жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Осыдан кейін Малика Мұхитованың сыныптасы әлеуметтік желіде оны босатуды сұрап пост жариялаған еді.

Сіздің реакцияңыз
5
1
1
21
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel