RU

Павлодарда салмағы 500 граммға жетпейтін сәби дүниеге келді

Облыстық перинаталдық орталық осымен үшінші жыл қатарынан мерзімінен ерте туған балаларға арналған мереке ұйымдастыруда. Дәрігерлердің айтуынша, биыл ең төменгі салмақпен туған бала 480 грамм ғана болған деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: novosti-mk.org
Көрнекі фото: novosti-mk.org: Twitter

Шараға салмағы төмен 60 сәби шақырылған.

"Мұндай мерекені Халықаралық шала туған балалар күніне орай өткіздік. Бұл жерде ата-аналар бір-бірімен таныса алады.

Бұдан бөлек, балаларға сыйлық ұсынамыз, концерттік бағдарлама өткіземіз.

Қонақтар өткен айда ашылған катамнез кабинетін тамашалады. Енді бұл сәбилер белгілі бір саланың мамандары - неонатолог, невролог, педиатр, хирург, офтальмолог және нейрохирургке көріне алады", - дейді облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Айман Оспанова.

Ал биылғы жылы 480 грамм ғана болып, ең төмен салмақпен туылған сәби дәрігерлер күтімінен соң үйге шығарылған.

"2008 жылдан бастап 22 аптадан 500 граммен туылған балалар тірі болып есептеледі. Барлық дүниеге келетін сәбилердің алты пайызы мерзімінен бұрын туады. Мұндай балалар үш айға дейін стационарда болады", - дейді Айман Оспанова.

Айта кетерлігі, облыстық перинаталдық орталықта салмағы 500-1000 грамм сәбилердің 58 пайызы аман қалады екен. Ал бұл өте жоғары көрсеткіш болып табылады.

Ал әлемде мерзімінен бұрын 15 миллиондай нәресте жарық дүние есігін ашады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1764534-pavlodarda-salmagy-500-grammga-zetpejtin-sbi-dniege-keldi.html