RU
Иығы сынған Әбілхан Аманқұл Қазақстан чемпионатында топ жарды
Жаңалықтар Спорт

Иығы сынған Әбілхан Аманқұл Қазақстан чемпионатында топ жарды

Рассказать Вконтакте

Әбілхан Аманқұл Қазақстан чемпионатының үздік боксшысы атанды. Жас спортшы асқан қайсарлығы мен шеберлігінің арқасында бапкерлер мен төрешілердің жоғары бағасын алып, үлкен марапатқа ие болған деп жазады olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

Қазақстан біріншілігінде топ жарған Әбілхан Аманқұл иығының шығып кеткеніне қарамастан, ақтық сында жеңімпаз болып шықты.

Спортшы барлық қарсыластарына сыйластықпен қарайтынын айтып, өзі үшін финалдық жекпе-жек бәрінен де қиын болғанын жасырмады.

"Ақтық сында мен Ерік Әлжанов атты тәжірибелі боксшымен жұдырықтастым. Оның мықтылығына айтар мінім жоқ. Оған қоса, турнир оның туған жерінде өтті. Спортшы үшін жанкүйерлер қолдауы да аса маңызды.

Тартысты жекпе-жек болды. Бірінші раунд аяқталған бойда иығым шығып кетті. Алайда, дәрігерлер көмегінің арқасында кездесуді жалғастырдым. Екінші раундта иығым тағы да шығып кетті.

Бірақ, жарақаттың ауырлығына қарамастан, мен бір қолмен-ақ жұдырықтасып шықтым. Төреші менің қолымды көтеріп, жеңімпаз атағанда қуанышымда шек болмады. Бұл жеңіс мен үшін ерекше болды." , - деді Әбілхан Аманқұл.
Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

Турнир соңында жас спортшыға чемпионаттың үздік боксшысы атағын табыстаған.

"Бұл марапатты жарақатқа қарамай жұдырықтаса бергенім үшін берді деп ойлаймын. Шыны керек, мұндай ілтипатқа риза болып қалдым" , - деді ол.

Еске сала кетейік, Әбілхан Аманқұл 75 келіде ел чемпионы атанды. 

Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel