RU
"Жақсы таныс болдық": Назарбаев Нұрғиса Тілендиевтің қызымен кездесті
Жаңалықтар Қоғам

"Жақсы таныс болдық": Назарбаев Нұрғиса Тілендиевтің қызымен кездесті

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев «Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің жетекшісі Дінзухра Тілендиеваны қабылдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

ааааа

Фото: Ақорда
Source: UGC

Кездесу барысында мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мәдениет пен өнер саласына тұрақты түрде қолдау көрсетудің маңызды екенін атап өтті.

"Сіздің әкеңізбен ұзақ жыл бойы жақсы таныс болдық. Академиялық деген атағы бар «Отырар сазы» оркестрі сол кісінің есімімен аталады. Кезінде бұл оркестрде 6 адам бар еді, қазір 66 музыкант жұмыс істейді", – деді Қазақстан президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев рухани жаңғыру бағдарламасында көрсетілген міндеттерді орындау ісінде фольклорлық-этнографиялық оркестрдің рөлі ерекше екенін айтты.

"Гастрольмен Францияға бардыңыздар, Астанада өнер көрсеттіңіздер. Халқымыздың музыкалық аспаптарын бүкіл әлемге танытып жүрсіздер. Төл өнерімізді дәріптеу мақсатымен Ұлттық домбыра күні де бекітілді.

Оны мерекелеуге 1 мыңнан астам домбырашы қатысты. Мұның бәрі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттарына сай келеді.

Сіз ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің ісін жалғастырып келесіз, сол үшін алғыс айтамын", – деді Елбасы.

Дінзухра Тілендиева ұлттық өнер саласын дамытуға зор мән беріп отырғаны үшін Қазақстан президентіне алғыс білдіріп, елімізде жүзеге асырылып жатқан даму бағдарламаларын қолдайтынын айтты.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
1
17
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel