RU
Бүркіт шаш үлгісін неліктен өзгерткенін айтып берді (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бүркіт шаш үлгісін неліктен өзгерткенін айтып берді (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Бүркіт "Ойбай Life" бағдарламасына келіп, өзінің жан сырымен бөлісті. Әнші шаш үлгісін өзгертуіне не түрткі болғанын да ашып айтты деп жазады NUR.KZ.

"Негізі мен шашымды жұрттың пікіріне байланысты өзгертпедім. Көктемде шаштаразым "өзгеріс керек" деп айтып жүрген болатын. Содан ол кісі "Жақсы шаш үлгісін тауып бер" деп өтініш жасадым.

Наурызда шашымды қысқартатынымды ешкімге айтпадым. Тіпті әйеліме де айтпадым. Өзім бір-екі ай өзгеше күйде жүрдім", - деп ағынан жарылды Бүркіт.

Айта кетейік, өнер иесінің жан сырын ақтарған сұхбатын "Ойбай Life" бағдарламасынан көре аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, "Ойбай Life" бағдарламасына Бүркіттен бұрын отандық әнші Ayree келген болатын. Өзінің болашақ жарын қалай таңдайтынын айтқан 26 жастағы әншінің сұхбатын "Ойбай Life" бағдарламасынан көре аласыздар.

Бүркіттің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel