RU
Ақтөбеде бір ауыл ұйқысыз үрейде: Белгісіз біреу үйлерді шетінен өртеп жүр
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде бір ауыл ұйқысыз үрейде: Белгісіз біреу үйлерді шетінен өртеп жүр

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қосестек ауылының халқы қорқыныш құрсауында отыр. Ауылда құпия қылмыскер пайда болған. Белгісіз адам ауыл тұрғындарының қысқа жинаған жем-шөбін кезек-кезек өртеп жатыр деп жазады NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.
Source: Original

Тосыннан келген жағдайдан әбігерге түскен ауыл халқы адам жазым бола ма деп қорқып отыр. Ең сорақысы қылмыскер «Ендігі кезек сенде» деген үшбу хат қалдырады екен.

"Жақында "Руслан, сегодня тебе повезло. Ты - следующий" және "У всех у кого во дворе сено, приготовьте по 50 тыс тенге, номер карты сообщим!" деген хат алдық. Онымен қазір полиция жұмыс жасап жатыр", - дейді Қосестек ауылының тұрғыны Нәзия Жұмабаева.

Фото: NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.
Source: Original

"Ауылда күнде өрт. Қораларды белгісіз адам өртеп жатыр. Өрт күндіз-түні болады. Қорқып ұйықтай алмай отырмыз. Адамдардың өздері қора-қопсысын ұйқысыз күзетіп жүр. Кімнен көрерімізді білмейміз.

Бір күні бір үй, екінші күні екі үй өртенеді. Өрт шеттегі үйлерден басталды. Рет ретімен үйлер жанып жатыр. Осылай ауылдан оншақты үй зардап шегіп отыр.

Өрт күндіз-түні болып жатыр. Қаншама ақшаға алған жем шөптері өртеніп кеткен үйлер жылап жүр.

Қазір сатып алатын шөп те жоқ. Бізге көмек керек. Бұлай жалғаса берсе, бір ауыл өртеніп кетуі мүмкін. «Ендігі кезек сен» деген хабарлама алған үйдің жағдайын ойлай беріңіз. Өмір сүрудің өзі мүмкін емес болып кетті", - дейді ауыл тұрғыны.
Фото: NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.
Source: Original

Ауылдағы жағдайдан аудандық әкімдік те хабардар. Күдіктіні табу үшін ауылға облыстан полиция қызметкерлері барған.

Фото: NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.
Source: Original

"Қазіргі уақытта осыған қатысты облыстық ІІД және аудандық полиция бөлімшесіне арыз түскен. Қылмыстық іс қозғалып тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қазір ауылға күшейтілген түрде күндіз-түні күзет қойылды. Жеті отбасы шөп қорасының өртенгенін айтып шағым түсірген.

Қазіргі уақытта жұмыс тобы құрылды. Жұмыспен қамту мекемесі тұрғындардың шығынын есептеп жатыр", - деп хабарлады Қарғалу аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ержан Есенбаев.
Сіздің реакцияңыз
4
12
25
6
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel