RU
Алматыда басына мұз құлаған әйел адам тіл тартпай кетті (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда басына мұз құлаған әйел адам тіл тартпай кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Қайғылы оқиға Алматыдағы Бостандық ауданында орын алды. Зейнеткер әйелдің үстіне мұз құлап түскен деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

360tv.ru

Көрнекі фото:360tv.ru
Source: Facebook

Полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға күндізгі бір шамасында Әл-Фараби даңғылынан төмен, Марков көшесінде болған. Мұз 11 қабатты Adal Residence тұрғын үй кешенінің төбесінен құлапты.

1958 жылы туылған әйел адам сол ауданның тұрғыны екен. Ол үстіне мұз құлаған соң қатты соққыдан оқиға орнында қаза тапқан.

Аталмыш факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, бірнеше сараптама жүргізіледі.

Полиция қызметкерлері қайтыс болған әйелдің өлімі жазатайым оқиға деп бағаланғанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
10
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel