RU
Қызылорда облысында зауыттағы өрттен қытайлық азамат көз жұмды (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қызылорда облысында зауыттағы өрттен қытайлық азамат көз жұмды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі ауылында орналасқан "Чайна Триумф" ЖШС цемент зауытында шыққан өрт бір адамның өмірін алып кетті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі

Фото: Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі
Source: UGC

Төтенше жағдай туралы хабарлама 20 қараша күні сағат 12:13-те келіп түскен.

Тілсіз жау уақытша құрылыс орнын шарпыған. Ондағы 200 шаршы метр аумақта 42 жұмысшы мекендеп жатқан екен.

Өрт сағат 12:50-де қоршалып, сағат 13:00-де толықтай сөндірілді. Оқиға орнынан 1976 жылы туған Қытай азаматының денесі табылды.

Фото: Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі

Фото: Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі
Source: UGC

Төтенше жағдай электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан орын алуы мүмкін.

Өртті сөндіруге жеке жасақтың 13 мүшесі, сондай-ақ, Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің төрт техникасы қатысқан.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel