Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Боянудан алдына жан салмайтын астаналық жігіт жаға ұстатты (фото)

Опубликовано:

Бетіне опа-далап жағып, қыздар сияқты боянып жүрген 19 жастағы астаналық жігіт жұрттың жағасын ұстатты. Әдемілікке қатты қызығатын Әли Батов есімді азамат өз суреттерімен Instagram әлеуметтік желісінде бөліскен деп хабарлайды NUR.KZ.

Әлидің жасы 19-да. Әйгілі бет әрлеуші Гоар Аветисияннан тәлім алған ол бүгінде қыздарға бет әрлеудің қыр-сырын үйретіп жүр.

Астаналық жігіт тек қана опа-далап жағуды үйретіп қана қоймай, өзі де бетін бояп жүргенді жақсы көреді екен.

Бүгінде жігіттің парақшасында 50 мыңнан астам оқырман бар. Ол желідегілерге өзінің түрлі образдарын көрсетіп отырады.

Әли тек боянып қана қоймай, жасанды шаш та жалғап алады екен. Сондай-ақ, ол түрлі қалыпта суретке түсіп, оқырмандарын таңғалдыраудан жалықпайды.

Батовтың бұл әрекетін көпшілік "жігітке лайық емес" деп бағалап, түрлі жағымсыз пікірлерін аямай жазады.

Алайда Әлиді желі қолданушыларының пікірі алаңдатпайтын көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1764574-boanudan-aldyna-zan-salmajtyn-astanalyk-zigit-zaga-statty-foto/

pixel