RU
Президенттің аяғына гүл шашқан тәжіктерге әлем халқы таң қалды (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Президенттің аяғына гүл шашқан тәжіктерге әлем халқы таң қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Тәжікстанда 16 қарашада Рогун су электр станциясының ашылуы өтті. Салтанатты рәсімге келген президентті қарсы алу сәті Twitter қолданушыларының қызу талқысына түскен деп жазады ca-news сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ca-news.org

Фото: ca-news.org
Source: Facebook

Суреттен Эмомали Рахмон ұлымен бірге қызыл кілемнің үстімен жүріп өткенде ұлттық киім киген қыздар аяғына раушан гүлдерін шашып тұрғанын көруге болады. Ал қызыл кілемнің айналасында тұрған ер адамдар қол соғып, қошемет көрсетуде.

Бұл туралы "Патшаларға лайық салтанатты рәсім" деп жазыпты RT сайты.

Twitter қолданушылары бұл рәсімді қызу талқыға салып, "Тәжікстан президенті өткенде қалып қойған" деген сынды пікірлер айтқан.

"Қазір 2018 жыл екенін білмейтін шығар", "Құдай-ай! Олар тіпті күлмейді екен", "Олар ересек адамдар ғой, бұлары несі", "Мұны Дональд Трампқа көрсетпеңдер", - деп желі қолданушылары пікір қалдырған.

БАҚ ақпараты бойынша, Рахмонның қатысуымен өтетін мұндай дәстүрлер Тәжікстанда қалыпты нәрсе екен.

Мемлекетті 1992 жылдан бері басқарып келе жатқан президент "Ұлт көшбасшысы" немесе "Бейбітшілік пен ынтымақтастық негізін қалаушы" сынды лауазымдарға ие.

Сіздің реакцияңыз
18
2
7
0
1
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel