RU

Астанада ақылды технологиялардың қолжетімділігі талқыланды

Астана қаласында Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) ұйымдастырған «ТКШ-Экспо және Құрылыс. Smart City-2018» көрме-форумы аясында «Қала шаруашылығындағы «жасыл» ақылды технологиялардың қолжетімділігі» атты арнайы сайд-ивент өтті. Іс-шараның негізгі тақырыбы қаладағы адамдардың өмірін жеңілдететін және қоршаған ортаны сақтайтын ақылды технологиялар болды.

Астанада «жасыл» ақылды технологиялардың қолжетімділігі талқыланды

Іс-шараға әкімдіктер, қалалық коммуналдық кәсіпорындар, компаниялардың тұрғын үй қорын басқару және қызмет көрсету, бизнес өкілдері, пәтер және үй-жай иелері, сарапшылар қатысты. Спикерлер «ақылды» жарықтандыру және жаңартылатын энергия көздері бойынша пилоттық жобалар сияқты тұрғын үйлердегі табысты тәжірибелердің мысалдарын келтірді. Сондай-ақ қатысушылар мұндай технологияларды ілгерілетуге бөгет жасайтын кедергілер туралы әңгімелесті – бұл меншік иелерінің ортақ мүлікке қатынасы, жеткізуші компанияларға сенімсіздік, технологиялардың жоғары құны, персоналдың біліктілігінің жеткіліксіздігі, коммуналдық есептеулердің айқын еместігі, үйлерде шешімдер қабылдаудың және технологиялық шешімдерді келісудің күрделі рәсімдері.

Астанада «жасыл» ақылды технологиялардың қолжетімділігі талқыланды

Іс-шара аясында «Энергияны тиімді басқарамыз - жайлылықта өмір сүреміз!» байқауында жеңімпаз болған басқарушы компанияларды марапаттау рәсімі өтті. Үш жеңімпаз - Екібастұз, Астана және Қарағанды облысының басқару органдары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Барлық 14 қатысушы диплом мен естелік кәдесыйлар алды.

Астанада «жасыл» ақылды технологиялардың қолжетімділігі талқыланды

ТКШ және құрылыс көрмесі 15-16 қарашада өтті және Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен құрылыс саласын дамыту мәселелеріне арналды. Іс-шараны ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, Астана қаласы әкімдігі және «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ ресми қолдауымен «Fair Expo» және «Экспо-Сервис» көрме компаниялары ұйымдастырды. Отандық компаниялардан басқа, өз өнімдерін Ресей, Беларусь, Украина, АҚШ, Германия, Түркия, Литва, Польша, Қытай және Египет кәсіпорындары ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1764592-astanada-akyldy-tehnologialardy-kolzetimdiligi-talkylandy.html