RU
21 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
Жаңалықтар Калейдоскоп

21 қарашаға арналған жұлдыз жорамал

Рассказать Вконтакте

Бүгін тиімді келісімдер жасап, қажетті байланыстар орнатуға қолайлы күн. Мүмкіндікті дұрыс пайдалана білсеңіз, ісіңіз өрге жылжиды. supercook сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 21 қарашаға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

fakty.ua

Көрнекі фото:fakty.ua
Source: Facebook

1. Тоқты

Сезімталдық пен ашушаңдығыңыз серіктесіңізбен немесе жақыныңызбен ұрыс-керіс туындауына себеп болады. Бүгін ауыр жұмыс істемей, өзіңізге көп жүк артпаған жөн. Басыңыз ауырып, жүйкеңіз сыр беруі мүмкін. Алдыңызға жете алмайтын мақсат қоймаңыз. Саяхатқа шығуды жоспарлап отырғандарға жұлдыздар ұрылар мен алаяқтардан сақтануға кеңес береді.

2. Торпақ

Қаржылық қиындықтарыңыз шешіледі. Ақша алуыңыз ықтимал. Басшылық сізге риза. Тіпті тиімді жұмыс ұсынуы мүмкін. Ойланбастан келісіңіз, бұл табысыңызды арттыруға көмектеседі. Бүгін іскерлік және жеке кездесулер болады.

3. Егіздер

Қаржылық операциялар үшін қолайлы күн. Жұлдыздар табыс табасыз деп уәде етеді. Сіздің ақкөңілділігіңіз бен құлшынысыңыз айналадағылардың бәріне әсер етіп, олар бірге жұмыс істеуге келіседі. Бүгін денсаулығыңызға мән беріңіз, созылмалы аурулар қозуы мүмкін.

4. Шаян

Қаржылық жағдайыңыз жақсаруы ықтимал. Тиімді жұмыс туралы ұсыныс түсуі мүмкін. Оған құлшына кірісіңіз, себебі жақсы табыс табуыңыз мүмкін. Бүгін сіз маңызды құжат рәсімдейсіз.

5. Арыстан

Серіктесіңіздің жеңілтек қылықтары ұрыстың себебі болуы мүмкін. Бүгін ешкіммен ұрыспай, жанжалға араласпаған жөн. Намысыңызға тиетін болса, қарым-қатынасты мүлде үзуіңіз мүмкін. Кәсіби істерде өзіңізге көтере алмайтын жүк артпаңыз. Құлшынысыңыз дұрыс бағаланбайды.

6. Бикеш

Зорығу салдарынан басыңыз ауырып, жүйке жүйеңіз сыр беруі мүмкін. Сондықтан бүгінгі күнді алдын ала жоспарлап қойыңыз. Жұмыс арасында демалуды ұмытпаңыз. Тым көп жұмыс алмаңыз. Барлық жұмысты апта бойы орындайтындай бөліп тастаңыз. Сезімталдылықтың артуы жанжал шығуына себеп болуы мүмкін. Ертерек жатып ұйықтаңыз. Тәніңізге тынығу үшін көбірек уақыт қажет.

7. Таразы

Өзгерістер бастайтын күн. Салаңызды немее жұмысыңызды өзгертуге ұсыныс түсуі мүмкін. Коммерциялық салада немесе қатерлі істерде сәттілік күтіп тұр. Шығармашылықта жетістікке жетуіңіз мүмкін. Жақындарыңыз сізді түсінбейді, сондықтан бүгін олардан қолдау күтпеңіз.

8. Сарышаян

Сынды күн. Осы аптада туындаған жеке мәселелеріңізді шешпесеңіз, үлкен ұрыс-керіс немесе айырылысу болуы мүмкін. Тіпті бір мезетке ештеңені өзгертуге күшіңіз де, ынтаңыз да жоқ сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ асыра сілтеудің қажеті жоқ. Тек махаббат пен туа біткен құрбандыққа бейімділігіңіз отбасыңызды құтқара алады.

9. Мерген

Өмірлік әлеуетіңіз жоғары деңгейде, сондықтан кәсіби істе де, жеке қарым-қатынастарда да жетістіктер күтіп тұр. Адамгершілігіңізді, іс-әрекетіңіз бен сөздеріңіздің бір-біріне сай болуын қарсы жыныс пен басшылығыңыз жоғары бағалайды. Мансабыңыз өсіп немесе табысты жұмыс ұсынылуы мүмкін.

10. Тауешкі

Кәсіби салада белсенділік таныту үшін қолайлы кезең. Әрекеттеріңіздің арқасында қаржылық жағдайыңыз түзеліп немесе мансабыңыз өсуі мүмкін. Көзқарасыңыздың жан-жақтылығы, әділдік, туралық, шынайылық пен табандылығыңыз беделіңіз бен ықпалыңызды арттырады. Алайда өзіңізге еңсере алмайтын жүкті артпаңыз. Жұмысты аптаның әр күніне бөліп тастаңыз.

11. Суқұйғыш

Жинақылық пен жағдайды талдауды талап ететін ауыр күн. Отбасыңызда немесе жақын туыстармен қиындықтар туындауы мүмкін. Бірақ барлық мәселелердің түптамыры өзіңізде екенін есіңізден шығармаңыз.

12. Балықтар

Бүгінгі күн күш жинақтап, өз ұстанымдарыңыз үшін күресетін күн. Шығармашылығыңыз артып, қиялдарыңыз шарықтап, өмірлік күшіңіз артуы мүмкін. Ең қиын деген жағдайдан тапқыр балықтар тиімді жол тауып сытылып шығады. Әсіресе күннің екінші жартысы жайлы болады. Осы уақытта құпия армандарыңызды жүзеге асыруыңызға болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel