RU

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап темекі бағасы қымбаттайтын болды

Қазақстан Республикасының Үкіметі темекі мен папиростарға ең төменгі бағалар енгізді. 2018 жылғы 16 қарашадағы Қаулы темекі өнімдерінің белгіленген бағасына өзгерістер енгізген деп хабарлайды "Параграф" Ақпараттар жүйесіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: 78.rodina.news
Көрнекі фото: 78.rodina.news: Facebook

2007 жылғы 4 сәуірдегі қаулыға 2018 жылғы 16 қарашадағы қаулымен өзгерістер енгізілді.

Құжатқа сәйкес, 2019 жылдың бірінші күнінен бастап 2019 жылдың 30 маусымына дейін сүзгіші бар, сүзгіші жоқ 20 темекісі бар қорап және папиростардың төменгі бөлшек бағасы 380 теңгені құрауы тиіс.

Ал 2019 жылдың 1 шілдесі мен 31 желтоқсанына дейін бұл баға 400 теңгеге жетуі қажет.

Осылайша, 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін әр жарты жыл сайын темекі бағасы 20 теңгеге қымбаттап отырады. Ал дәл 2022 жылдың 1 шілдесі күні темекі бағасы 520 теңге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1764607-kazakstanda-1-katardan-bastap-temeki-bagasy-kymbattajtyn-boldy.html